Онда «Жер Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары бес айдың жалақысын ала алмай жүргенін айтады.
Қарызды жаңа жылдың алдында төлеп бітеміз деген кәсіпорын басшыларының уәделері әлі созылып келеді.
Осылайша бізді әне-міне деп үміттендіріп, әуре-сарсаңға салып қойды, деп жазылған хатта.
Хатқа мемлекеттік еңбек инспекциясы облыстық басқармасының басшысы Амантай Сейфуллин жауап берді.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде (7172) 55-38-50 телефон қоңырауларын қабылдап, түйткілді мәселелердің шешілуіне көмектеседі.