Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының әкімі халыққа есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының әкімі халыққа есеп берді

23.01.2015
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының әкімі халыққа есеп берді

2007 жылы аудан құрылған кезде 43 мың тұрғын болса, қазір олардың саны 4 есеге артты.

Сұранысқа сай, бірнеше мектеп, балабақша, медициналық нысандар бой көтерді. Аудан көгілдір отынмен қамтылды.

Осыдан жеті жыл бұрын Мұнайлыда жалғыз балабақша болған. Ал, қазір мектепке дейінгі мекемелер саны – 25-ке жетті.

Осылайша, бөбекжай ашуда облыста көш бастап тұр. Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер болмақ.

Батыр ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. Ал, Маңғыстау ауылында 150 төсектік аудандық аурухана салынуы тиіс.

Алда межелі жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жалғаса бермекші.   

 

ЖАЗИРА ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу