Азық-түлік тиелген автокереуен өңірдің ең шалғай аймақтары саналатын Мойынқұм мен Шу аудандарына қарай жол тартты.
Халыққа жалпы салмағы 600 тоннадай картоп, пияз, сәбіз, ұн мен жарма жеткізіледі.Азық-түліктің бағасы нарықтағыдан төмен.
Жәрмеңкеде барлығы 5 миллион теңгеге жуық сауда жасалынды. Азық-түлік тиелген мұндай керуендер қыс аяқталғанға дейін өңірдің өзге де аудандарын аралап шығады.
Өңірдің тұрақтандыру қорында бүгінде 200 мың тоннадан астам азық-түлік бар.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ