Жезқазғанда металлург кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан Доспановтар әулетінің мыс қорыту зауытындағы жалпы еңбек өтілі - 267 жыл.
Өнегелі шаңырақтың басшысы Қойшыбек Доспанов ақсақалдың өзі 30 жылдан астам уақыт өндірісте тер төккен жан.
Әке жолын қуып, бүгінде зауытта балалары мен келіндері еңбек етіп жүр.
Металлургтер әулетімен Ұлтық арна тілшісі кездесіп қайтты.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ