Ұлттық арнаға мәселесін айтып Мақтарал ауданының тұрғыны Тұрсынхан Жұмабек хабарласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаға мәселесін айтып Мақтарал ауданының тұрғыны Тұрсынхан Жұмабек хабарласты

30.01.2015
Ұлттық арнаға мәселесін айтып Мақтарал ауданының тұрғыны Тұрсынхан Жұмабек хабарласты

Тұрсынхан Жұмабек, І топтағы мүгедек:

Мен І топтағы мүгедек Тұрсынхан Жұмабек. Мақтарал ауданынан хабарласып тұрмын. Бізге жыл басынан бері көмекші келмеді. Басқа қалаларға хабарлассақ, «көмекшілер 5 қаңтардан жұмыс істеп жатыр», - дейді.

Бұл жалғыз менің басымның мәселесі емес. Мақтарал бойынша І топтағы мүгедектердің көтеріп жатқан мәселесі. Көмектесулеріңізді сұраймын.

Мәдина Есімова, ОҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Тұрсынхан Жұмабек ағамызға жеке көмекшінің қызметі көрсетіліп жатқан жоқ. Себебі – бюджет қаражатының өзгеруі. 20 қаңтарда аудандық мәслихаттың сессиясында бюджет қайта бекітілді.

Осыған байланысты қазір мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізіліп жатыр. Наурыз айынан бастап қызметтер көрсету басталады.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде (7172) 55-38-50 телефон қоңырауларын қабылдап, түйткілді мәселелердің шешілуіне жәрдем жасайды.

 

Хабарламаларға жазылу