Елді мекенде жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды істер тыңдырылып келеді.
Атап айтқанда, былтыр ауылдың кіре беріс және ішкі жолдарын жөндеу басталды.
Сондай-ақ, қазынадан арнайы қаржы бөлініп, орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп, оның барлық материалды-техникалық базасы жаңартылды. Жергілікті дәрігерлік амбулатория мен клуб жөнделді.
Жалпы, тұрғындар халық алдында есеп берген ауыл әкімінен биыл да түйіткілді мәселелердің нәтижелі орындалуын күтеді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ