Алматы облысы, Талғар ауданының әкімі Райхан Садықованың есептік кездесуі өтті.
Аудан 2014 жылы салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді жинау жоспарын 114 пайызға орындап, қазынаға 12,8 миллиард теңге құйған.
Аудан әкімі көрсеткішті ұлғайтуды бақылауға алатынын жеткізді.
Жиында алда шешімін күткен мәселелер туралы әңгіме қозғалып, тұрғындардың ұсыныс-шағымдары тыңдалды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ