Жоба құны – 800 миллион теңге. Аумағы 1 гектарға жуық.
Енді Ақтауға қызметке орналасам деп келген отбасылы жандар баспана іздеп әуреге түспейді. Олардың жатақхананы паналауға мүмкіндігі бар. Мұнда 2 және 4 бөлмелі пәтерлер болады.
Ал, ауласында балалар алаңы мен автотұрақ орналасады. Қазіргі таңда қажетті барлық құрылыс жабдықтары дайын.
Бес қабатты жатақхананың құрылысы наурызда басталып, жыл соңында пайдалануға берілмекші.
Жазира ӘБІЛ