Мәселен, әдеби шығармаларды меншіктеу 18 пайызға, ғылыми және оқу әдебиеттерін тіркеу 32 пайызға көбейген.
Бұл туралы Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде мекеме басшысы Берік Имашев мәлімдеді.
Сондай-ақ, соңғы 3 жылда патенттеуге бағытталған өтінімдер саны артқан. 2011-2012 жылдары бұл көрсеткіш жылына 1600-ден аспаса, 2013 жылдан бастап кемінде 2000 өтінімді құрауда.
Былтыр Министрлікте қаралған атқарушылық құжаттар саны – 1 миллион 615 мың.
Олардың басым бөлігін әкімшілік айыппұлдар, қылмыстық сот өндірісі шеңберіндегі өндіріп алулар және алименттер құраған.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ