Бұл үйлерге соғыс ардагерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылары қоныстанды.
Қарт майдангер Пірназар Мырзатаев мемлекеттің қолдауымен шалғай ауылдан аудан орталығына қоныс аударып, баспаналы болды.
Амандық болса, Жеңістің 70 жылдық мерекесін ол бала-шағасы, немере-шөбересімен жаңа шаңырақта атап өтеді.
Биыл тағы 56 гектар жер аршылып, оның инфрақұрылымы реттеледі.
Сондай-ақ, жұртшылықтың баспанаға мұқтаждығын жою мақсатында 6 көпқабатты үй салынуда.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ