Астанада алаяқтық өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алаяқтық өршіп тұр

09.02.2015
Астанада алаяқтық өршіп тұр

Қол ұшын беремін, көмектесемін дегендер көп. Жарнамалары да, хабарласқандар да жетерлік. Алайда, бұл қайдан келген батпан құйрық деп байыбына жете беретіндер аз.

Алаяқтық көбіне Астана, Алматы қалалары мен Оңтүстік, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында жиі кездеседі.

Адамның сеніміне кіру, бар құжатын алу, қаражатын қалтаға басу өздеріңіз көріп тұрғандай қиындық туғызбайды.

Мамандардың айтуынша, 30-39, 50-60 жастағы адамдар алданып қалған. Ал, алаяқтардың жасы – 21-29.

Өзгенің ақылына құлақ аспайтындар ақыры айлакердің айласына айналып кеткенін байқамай, кінәліні қайдан іздерін білмей дал. Жазаны күшейту керек, дейді мамандар.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу