Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қоғамдық қозғалысы өзара бірлескен меморандумға қол қойды.
Келісім шеңберінде тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күреспек.
«Алдағы уақытта басқа да министрліктермен жұмыс істеу жоспарлануда. Мақсат - қазына қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылау», дейді қоғамдық қозғалыс өкілдері.
Дәулетхан АҚАЙДАРОВ