Тіркелмеген таксистер салық төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіркелмеген таксистер салық төлеуі мүмкін

10.02.2015
Тіркелмеген таксистер салық төлеуі мүмкін

Келесі айдан бастап, тіркелмеген таксистер салық төлеуі тиіс. Бірақ, бұған автожүргізушілер де, халық қалаулылары да қарсы.

Ал, мамандар «бұл такси қызметінің қымбаттауына әкелуі мүмкін», дейді.

Әзірге таксист ретінде тіркелгендер саны туралы нақты ақпарат жоқ.

Анығы, «бизнесмен боламын», дейтіндер екі жолмен салық төлей алады.

Бірі жеңілдетілген декларация бойынша жалпы табыстан жылына үш пайыз, екіншісі - патент алу арқылы екі пайыз төлем енгізу.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу