Осының салдарынан өңірде 1 мың шақырымнан астам жолды қар басты.
Облыс басшылығының араласуымен күре жолдарды тазалау үшін ішкі істер министрлігі аймаққа көмек ретінде 8 техника жіберді.
Қазір ауылдар арасындағы байланысты үзбес үшін 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.
Бұл мақсатқа 1250 техника жұмылдырылып, қар құрсауында қалғандарды құтқарып, жылыту үшін 315 бекет ұйымдастырылды. Бірақ жолдарды аршуға бұл техника аздық етуде.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ