Үкімет Елбасы тапсырмасын іске асыруға әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Елбасы тапсырмасын іске асыруға әзір

11.02.2015
Үкімет Елбасы тапсырмасын іске асыруға әзір

Жүктелген міндеттер өз уақытында орындалуы тиіс. Елбасы Үкімет мүшелерінің тапсырмаларды тиянақты әрі дер кезінде орындауы үшін білім де біліктілік те жететініне сенімді.

«Қазір Еуропаны жұмыссыздық жайлады. Қиындық салдарынан, тіпті, Үкіметтер мен Парламенттер таратылуда», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Алайда, біздегі жағдай басқа, Үкімет пен Парламенттің бірлесе атқарған жұмысы жүйелі, нәтижесі жоғары. Осы үшін Елбасы алғысын да білдірді. Жиыннан соң журналистерге сұхбат берген министрлер маңызды міндеттерді іске асыруға дайынбыз, деді.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

Хабарламаларға жазылу