Жуалы ауданының дихандары ағын суға тәуелділіктен құтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуалы ауданының дихандары ағын суға тәуелділіктен құтылды

13.02.2015
Жуалы ауданының дихандары ағын суға  тәуелділіктен құтылды

Жамбыл облысында «Көксай» каналының салынуы арқасында Жуалы ауданының дихандары ағын суға  тәуелділіктен құтылды. Соның арқасында енді 3 мың гектар алқапты суаруға толық мүмкіндік туды.

Шаруалар өткен жылы картоп, майлы дақылдар мен аcтықтан  мол өнім  жинады. Ал, биыл  өнімділікті тағы 10 пайызға көбейткелі отыр.  Халық алдында есеп берген аудан әкімі Батырбек Құлекеев өткен жылы аймақта 25 миллиард теңгенің өнімі өндірілгенін айтты.

Кездесуде биылғы жылы атқарылатын негізгі жұмыстар жайы да сөз болды. Басты міндет – кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау, жұмыссыздықты еңсеру.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу