Жеке сот орындаушылар палатасының Жарғысы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке сот орындаушылар палатасының Жарғысы қабылданды

16.02.2015
Жеке сот орындаушылар палатасының Жарғысы қабылданды

Елордада өткен жеке сот орындаушыларының құрылтайында арнайы Жарғы мақұлданды.

Алдағы уақытта Республикалық палата жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастырып, қызметкерлердің құқығы мен мүдделеріне өкілдік етеді.

Жарғыға пікірін білдіру үшін Мәжіліс және Сенат депутаттары, барлық аймақтан жеке сот орындаушылар мен Әділет министрлігінің өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының Төралқасы мен тексеру комиссиясы сайланды.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу