Өкінішке қарай, сол мәдени ошақтардың есігі тек әкімдер өткізетін іс-шараларда ғана ашылып, қалған уақытта жабық тұратыны қынжылтады.
Сондай-ақ, Вице-Премьердің пікірінше, қазақ киносы әлемдік бәсекеге қабілетті емес және анимация саласы да ақсап тұр.
Қазір елімізде спорт нысандарының басым көпшілігі қаңырап бос тұр. Бұған министрлік пен жергілікті әкімдіктердің жеткілікті көңіл бөлмеуі мен салауатты өмір салтының нашар насихатталуы себеп.
Бердібек Сапарбаев кәдімгі спортшылардың көтермелеу сыйақыларының мөлшері паралимпиялық-спортшыларға қарағанда 5 есе артық екенін айтты.
Сонымен қатар, алқа мәжілісте биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Конституцияның 20, ал Қазақ хандығының 550 жылдығын лайықты атап өту міндеті тұрғаны айтылды.
Алмат ӘБДІРАМАН