Ішкі істер министірлігінде осы және өзге де өзекті мәселелерге арналған жиын өтті.
Сенат депутаттарының ұсынысымен іске асқан шараға түрлі министірлік өкілдері қатысты.
Ішкі істер министірінің орынбасары Берік Бейсенқұлов ел арасында түрлі пікір тудырған «көлік креслосы» мәселесіне тоқталды.
Оның ойынша, бұл бастама уақыт талабына сай келеді. Көп балғынның өмірін сақтап қалуға септесетін қажет құрылғы.