Келер жылдан бастап мүгедектік құжаттарын рәсімдеу жеңілдейді. Азамат өтініш берген кезде мүгедектігін белгілеу жөніндегі қызметпен қоса мемлекеттік-әлеуметтік және арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алуға қажет құжаттарын бір жерге тапсыра алады.
Бұл мәселелер бүгін Сенаттың жалпы отырысында талқыланды.
Сондай-ақ, жоғары палатада «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы таныстырылды.
Индира БЕГАЙДАР