Қазақстан Республикасы Парламентінің 5-сессиясының ашылу кезінде Мемлекет басшысы арбитраж туралы бірыңғай Заң қабылдау керектігін айтқан еді. Әділет министрлігі өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп құжат жобасын әзірлегенмен, оған түзетулер енгізілуі тиіс.
Мәселен, арбитрлардың тәуелсіз болуы, ұйымдастыру, қаржылық және функционалдық қызметтерге ерекше көңіл бөлінуі керек. Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде арбитраждық қызметке мониторинг жүргізіліп, арбитрлар мен медиаторлар даярлайтын бірыңғай орталық жоқ.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ