Президенттік сайлауды барша азаматтар «Ел ертеңі мен халық болашағы, бейбіт өмірдің берік негізі», деп санайды.
Зиялы қауым өкілдері мен жастар оны дер кезінде қабылданған шешім деп тапты.
Бұл туралы Алматыда өткен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының отырысында айтылды.
Кеңесте Алматы қаласынан партияның XVI Съезіне қатысатын делегаттар іріктелді. Олар - түрлі сала мамандары.
Естеріңізге салайық, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі 11 наурызда Астанада өтпек.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ