«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезіне Қарағанды облысынан 100-ден астам делегат қатысады.
Солардың қатарында Теміртаудағы металлургиялық комбинаттың жұмысшысы Ақан Еспатаев та бар.
Ол келелі саяси жиында 14 мыңға жуық адам еңбек ететін үлкен ұжымның ұсыныс-пікірлерін жеткізбек.
Ақан Еспатаев қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде ол құрышты қаладағы барлық іс-шараларға атсалысып жүр.
Енді еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам делегат жиналатын партияның тарихи Съезіне қатысу мәртебесіне ие болды.
Бұл оның өзіне көрсетілген сенім мен зор жауапкершілік екенін жақсы сезінеді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ