Басқосу барысында қылмыстық жолмен табылған қаражаттарды жылыстыруға қарсы тұру саласында, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Монако Княздігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартқа қол қойылды.