«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мен Балқаштағы зауыттарында 5 мыңдай жұмысшы еңбек етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мен Балқаштағы зауыттарында 5 мыңдай жұмысшы еңбек етеді

13.03.2015
«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мен Балқаштағы зауыттарында 5 мыңдай жұмысшы еңбек етеді

Ел экономикасы үшін еңбегі зор металлургтер бүгін бас қосып, «Нұр Отан» партиясы атынан Елбасының сайлауға кандидат болып ұсынылғанын құптайтынын жеткізді.

Ал, Алматы облысындағы «Данон» компаниясының ұжымы бүгінде отандық өнім шығаруға қосып жатқан үлестерін мақтан тұтады.

Шағын және орта бизесті дамытуға мүмкіндік туғызып, халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған мемлекет басшысына олардың алғысы шексіз.   

Қостанайдағы машина жасау зауытында оңтүстіккореялық, жапониялық және италиялық көліктер құрастырылады. Бүгінде зауыттағы өнімнің қазақстандық үлесі 35 пайызға жетті. 2017 жылы мұны 50 пайызға көтеру межеленген. 

Өңірлерде өткен сан сала ұжымдарының жиындарында еңбеккерлер пікірі бір арнаға тоғысты. Олар ең бастысы, сайлауда әрбір қазақстандықтың таңдауын дұрыс жасауы маңызды екенін біледі.

Хабарламаларға жазылу