Елбасы шешімі көпшіліктен қолдау табуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы шешімі көпшіліктен қолдау табуда

14.03.2015
Елбасы шешімі көпшіліктен қолдау табуда

Еліміздің түкпір-түкпірінде Елбасының 26-сәуірдегі сайлауына қатысуға келісім бергендігіне жиындар өткізіліп, қуаныштың лебі сезілуде.

Жастар – мемлекетіміздің маңызды капиталы. Елбасы қай кезде болмасын өскелең ұрпақтың жағдайын жасап,қамын ойлап,сапалы білім алуына негіз болды. «Болашақ» қауымдастығының мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевтың ұтқыр шешіміне оң пікір білдірді.

Батыс Қазақстан облысының Ауған соғысы ардагерлері де Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке үміткер ретінде ұсынылуына өз қолдауларын танытты. «Егемен ел болып, еңсе көтергелі әлеуметтік жағдайымыз жақсарып келеді»,-дейді бірлестік мүшелері.

Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы саласының өкілдері бұл шешімді құптап отыр. Осындай игі шаралардың жалғасқанын қалаймыз, дейді арнайы отырысқа жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ірі серіктестік басшылары.

Хабарламаларға жазылу