Қарқаралы ауданында асыл тұқымды жылқы шаруашылығы дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралы ауданында асыл тұқымды жылқы шаруашылығы дамып келеді

18.03.2015
Қарқаралы ауданында асыл тұқымды жылқы шаруашылығы дамып келеді

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында асыл тұқымды жылқы шаруашылығы жақсы дамып келеді.

Бүгінде бұл аймақта Қамбар ата тұқымының саны 40 мыңнан асады. Төрт түліктің төресін бағып, табыс тапқысы келетін азаматтар да көп.

Солардың бірі - «Агро-байлық» шаруа қожалығының жетекшісі Дидар Тоғызбаев.

Іскер азамат осы аймақтың ауа райына төзімді, тебінге мықты қазақтың жабы жылқысын жайылымға жіберді. Шаруашылық басшысы биыл «Құлан» бағдарламасы бойынша 500 бие сатып алмақшы.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу