Екі күнге созылған шара барысында ұстаздар шетелдік ғалымдар мен мұғалімдердің тәжірибелерімен бөлісе отырып, жаңа реформаны жан-жақты қарастырды. Бала оқытудың замануи әдістерін талқылады.
Осы уақытқа дейін әбден қалыптасып, орныққан жүйені басқа арнаға бірден бұрып әкету әрине, мүмкін емес. Сондықтан реформаның алғашқы сатысы ретінде тың бастама санаулы мектепте ғана сыналады.
Таңдап алынған мектептердің мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік артылмақ. Білім ғимараттары да жоғары деңгейдегі талапқа сай жабдықталуы тиіс.
Мұның барлығы облыс әкімдігі мен Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының стратегиялық серіктестікті дамыту жөніндегі өзара меморандумы негізінде жүзеге асырылады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ