Теріскейлік Жанат Отыншинов өзінің мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан жерлестеріне жұмыс беріп, нәпақа табуына мүмкіндік жасап отыр.
Осыдан бес жыл бұрын Ресейден атамекенге қоныс аударған қандас бауырымыз ауылда дүкен ашып, кәсіпкерлік ісін өрге домалатуда.
Оның ісін бастауына мемлекет қолдау көрсетті. Алты пайыздық үстемемен үш миллион теңге несие алып, дүкен салды.
Бұған қоса, қазір ауылда қоғамдық монша тұрғызуда. Жақында іске қосып, тағы екі жерлесін жұмысқа тартпақшы.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ