Жүздесу барысында Мәжіліс Төрағасы Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі екенін айтып, саяси, сауда-экономикалық саладағы жетістіктерге тоқталды.
Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 миллиард долларға жуықтаса, қазір Қазақстанда 800-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, спикер оңтүстіккореялық бизнес өкілдерін Астанада өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды.
Индира БЕГАЙДАР