Ақмола облысының Есіл ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының Есіл ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

02.04.2015
Ақмола облысының Есіл ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

Ақмола облысының Есіл ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.

Енді кәсіпкерлерге құқықтық кеңестен бастап, бизнес-жоспарды іске асыруға дейінгі қажетті көмектер ақысыз көрсетілмекші.

Осылайша, өз ісін бастаушылар үшін де, жұмыс істеп жатқан бизнесмендер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.

Бүгінде ауданда 1500-ден астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Бизнес өкілдеріне кең ауқымды қызметтің 20-дан аса түрі көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, жиналғандарға мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылып, шаруалар үшін қажетті мағлұматтар берілді.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу