Қарағанды облысының әкімдігі өңірдегі ахуалды бақылауда ұстап отыр.
Бірнеше ауыл қызылсудың астында қалған еді. Ұлытау ауданына қарасты Жыланды елді мекеніндегі 43 үйге зақым келген. Қарқаралы ауданында да осындай жағдай. Екі ауылда да мал шығыны бар.
«Күн күрт жылынса, бірнеше күн бойы жауған қар еріп, тасқын судың екінші толқыны келуі мүмкін», дейді мамандар.
Сондықтан құтқарушылар осы бастан қамдануда.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ