Геолог Болат Жүгініс өмірінің 62 жылын осы салаға арнаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геолог Болат Жүгініс өмірінің 62 жылын осы салаға арнаған

04.04.2015
Геолог Болат Жүгініс өмірінің 62 жылын осы салаға арнаған

Сәуір айының бірінші жексенбісі - геологтар күні. Қыр төсін шарлап, кен барлап, жеті қат жер астына құлақ түріп, қатпарына үңіліп геология саласына өмірінің 62 жылын арнаған жан - Болат Жүгініс.

Алғашында қарапайым жұмысшыдан бастаған ол инженер-геолог қызметін абыроймен атқарды. Кеннің сапасына жауап берді, марганец алды, Жезді кенішінің тарихын зерттеді, оның болашағына кәсіби болжам жасады.

Осы саладағы жетістік білімді, білікті кадрлардың арқасы. Тәжірибелі геолог Болат Молдашұлы «Еңбек ері» медалімен марапатталған. Өзі зейнетте болса да кәсібінің өрге домалауына үнемі тілекші. Жасы 81-ге келген қарт әлі де тың, салауатты өмір салтын ұстанады, ұдайы спортпен шұғылданады. Жер қойнауын барлаушы ел игілігін еселеуге өлшеусіз үлес қосты, «енді өскелең ұрпаққа бар білгенін үйретіп, шәкірт тәрбиелесе»,-дейді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу