Жиынның басты тақырыбы - әлемнің бірқатар мемлекетін тығырыққа тіреген қаржы дағдарысынан бірлесіп шығуға жол іздеу. Яғни, экономикалық одақтың тиімді тетіктерін қарастыру. Сондай-ақ, әлемдік нарықтың бөлшегі саналатын әрбір елдің ішкі сыртқы сауда айналымын сараптау.
Мұнай мен метал бағасының құлдырауы - Еуразиялық одаққа бірігетін елдердің экономикасына әсер етті. Сарапшылар тығырықтан шығудың бірден-бір жолы - халықаралық ынтымақтастық екенін атап өтті.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ