Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Алматыға іссапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Алматыға іссапармен барды

11.04.2015
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Алматыға іссапармен барды

Аграрлық саланы инновациялық бағытта дамыту, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту және білікті мамандар даярлау. Бұл мәселелер Асылжан Мамытбековтің Алматы облысындағы ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен, ғылыми зерттеу институттары ғалымдарымен кездесуінде талқыланды. Жиыннан соң министр «Медеу Коммерц» сүтті-тауарлар фермасы мен «Данон Беркут» сүт өңдеу зауытында болды. Тауар өндірушілердің көбі сүт өнімін шығаруға импортталған құрғақ сүтті сатып алуда. Осыған байланысты табиғи шикізатқа сұраныс азаюда. Бұл мәселелерді шешу үшін 2020 жылға дейін 212 сүт қабылдау пункттерін ашу қарастырылған. Оған 683 миллион теңге инвестициялық субсидия жұмсалмақ.

Амангелді СЕЙІТХАН

 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу