Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушісі Павлодардағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты мұғалімдерінің көзіне түскен. Шақырту алып, оқуға қабылданады.
Алексей қазір 15 жаста. Бұл дауыстың өзгеретін шағы. Сондықтан ән айтқанда аса күш салуға болмайды. Оның үстіне өленнің мазмұның терең түсініп, беріле орындайтындықтан ұстазы бұл баланы дәстүрлі әндерге баулып жүр.
Ол үшін бойға біткен талантын жетілдіре беруі керек. Алексей Лодочников күй тартып, өлең де жазады. Кез-келген аспапты тез меңгеруде.
Оның бүкіл болмысы қазаққа жақын. Сал-серілерді көп оқиды. «Сағым қуып, сар далада анамды іздегім келеді», дейді ән қанатындағы Алексей.
Болат АМАНБАЕВ