Қазақстандағы тасқын қаупi 7-10 күнде тұрақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы тасқын қаупi 7-10 күнде тұрақталады

16.04.2015
Қазақстандағы тасқын қаупi 7-10 күнде тұрақталады

Олардың мәліметіне сәйкес, қазiргi уақытта тасқын 5 облыста ондаған ауылды, жүздеген үйдi басқан. 

Тұрғын үйлердiң, жеке шаруашылықтардың судан келген зардаптарын бағалау бойынша арнайы комиссия құрылған. Олар тасқыннан келген жалпы шығынды есептеуде.

Ең ауыр жағдай Қарағанды облысы мен Ақмола облысындағы Нұра өзенiнiң маңында, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарасындағы Сiлетi өзенiнiң бойындағы үш елдi мекенде қауіп сақталуда.

Жалпы, авиациялық-құтқару жұмыстары мен Қарағанды облысының тұрғындарына бірінші кезекті көмек беру үшін Үкімет қазынасынан 1 миллиард теңге бөлінбек.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу