![Астанада еліміздің ең үздік салық төлеушілері анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72317.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада «Ең үздік салық төлеуші» байқауы өтті. Оған республика бойынша 240-тан астам адам қатысып, 21-і үздік атанды. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Айта кетейік, «Үздік салық төлеуші» байқауы биыл 12-ші рет ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты - ел экономикасының өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген салық төлеушілер қызметінің маңыздылығына қоғам назарын аудару.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада еліміздің ең үздік салық төлеушілері анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/40168/)