Әлемнің 26 елінен туристер Қазақстанға визасыз кіру мүмкіндігіне ие болмақ. Қазір осы бағытта дайындық жұмыстары жүруде.
Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарама төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрманбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті визасыз режим орнату жөніндегі жоба әзірлеген.
Жоба негізінде ресми құжат қабылдануы мүмкін.
Сондай-ақ, палата өкілі ішкі туризм саласындағы бағаның жоғары болу себебін түсіндірді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ