![Қызылордалық Расул Төлеуов егістік басынан қыш ыдыстардың сынықтарын тапқан](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72357.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызылордалық тұрғын егістік басынан ескі құмыраның, қыш ыдыстардың сынықтарын тауып алды.
Расул Төлеуов тарихи жәдігерлерді облыстық өлкетану мұражайына әкеліп тапсырды.
Археологтардың болжауынша, Шиелі ауданының Төңкеріс елді мекені аумағында көне қаланың орны болуы әбден мүмкін.
Жергілікті жұртшылық ол жерді тарихи аңыздарға сүйеніп, «Күйеу там» атап кеткен. Бұған дейін де осы өлкеден түрлі көне бұйымдардың қалдықтары табылған.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордалық Расул Төлеуов егістік басынан қыш ыдыстардың сынықтарын тапқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/40245/)