«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Атырау қаласындағы Нұрсая ықшамауданында бой көтерген бес тұрғын үйде 195 отбасы қоныс тойын тойлады.
Пәтер кілтіне ие болғандардың қатарында мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, жас отбасылар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бар.
Сондай-ақ, жаңа пәтер кілті үйлері апатты деп танылған екі отбасыға да берілді.
Жалпы, Атырау облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша мыңдаған тұрғын баспаналы болды.
Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ