Су тасқынынан зиян келген жолдардың шығыны 2,6 миллиард теңгені құрады. Бұл қаражат Үкімет қорынан бөлінеді.
Оның ішінде үш көпір, жеті құбыр, су шайып кеткен 23 жол аумағы бар.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов мәлімдеді.
Бүгінге дейін республикалық маңызы бар жолдарды 90-нан аса шайып кету фактісі тіркелді.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ