Атырау облысының орталығында бірнеше күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан жүздеген үй судың астында қалды.
Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Арнайы автобазаның 100-ге тарта техникасы көшелер мен аулаларды құрғату жұмыстарымен айналысуда.
Сондай-ақ, облыс әкімінің жетекшілігімен комиссия құрылып, өңірдегі жағдай бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта жаңбырдың салдарынан қала көлемінде 200- ге тарта тұрғын үй зардап шегіп отыр.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ