Алматыда отбасылық бизнесті дамыту мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда отбасылық бизнесті дамыту мәселесі талқыланды

14.05.2015
Алматыда отбасылық бизнесті дамыту мәселесі талқыланды

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында «Мықты бизнес - қуатты мемлекет» жобасы аясында отбасылық бизнес пен шағын кәсіпорындарды дамыту мәселесі талқыланды.

Бұл жоба - Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кірудегі басты бағыттардың бірі.

Жобаның негізгі мақсаты - шетелдік және қазақстандық өндірушілерді тауып, отбасылық кәсіпкерлердің бизнестерін дамытуға көмектесу.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу