Балқаш қаласында нан зауыты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласында нан зауыты ашылды

16.05.2015
Балқаш қаласында нан зауыты ашылды

Балқаш қаласында жаңадан ашылған нан зауыты сәтті жұмыс істеп тұр. Мұнда нан-тоқаш өнімдерінің 30 түрі пісіріледі, келешекте 40-қа жеткізу көзделіп отыр. Зауыт толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Балқаш қаласындағы нан зауыты шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша іске қосылды. Жобаға «Даму» қоры мен екінші деңгейлі банктен индустриалдық жобаға деп 500 миллион теңге көлемінде инвестиция салынған. Зауыт толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Ұнды сақтайтын қоймадан бастап, қамыр илейтін кешен, нан пісіретін 7 пештің барлығы әлемнің озық технологиясымен жұмыс істейді.

Зауыт тәулігіне 17 тонна өнім шығарады. Өндіріс меңгерушісінің айтуынша, тұрғындардан алынған тапсырысты күнбе-күн дайындап беруге кәсіпорынның мүмкіндігі жетеді.

Қазір зауытта 100 адам еңбек етеді. Келешекте өндірістік қуатын ұлғайтып, Балқаш қана емес, жақын маңдағы елдімекен тұрғындарын да нанмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу