Елімізде 1 қаңтардан бастап қайыр сұрағандар айыппұл төлеуге міндеттелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1 қаңтардан бастап қайыр сұрағандар айыппұл төлеуге міндеттелген

19.05.2015
Елімізде 1 қаңтардан бастап қайыр сұрағандар айыппұл төлеуге міндеттелген

Осыған орай мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көнбегендерін жазаға тартуда. Ал, шетелден келіп қайыр сұрағандар дереу елдеріне қайтарылады. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халқымыз кедейін де кеудесінен итермеген.

Барымен бөлісіп,көмектесіп жіберуге әзір. Алақан жайып,нәпақа табуды ар санаған. Алайда нарық заманында бұл «кәсіп» те бізді айналып өтпеді. Мына екі әйел алақан жайып, пайда табумен айналысады.

 

Индира БЕАЙДАР

Хабарламаларға жазылу