Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының елімізді жаңғыртуға арналған нақты шаралар жайындағы ұсынысы қарапайым адамдар алдында тұрған өзекті және өмірдегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.
Шаралардың жартысы экономика саласына қатысты. Осы жаңашылдықтар кәсіпкерлер мен азаматтарға қолайлы энергетика жүйесінде тариф мөлшерін жеңілдетуге бағытталған, ет-сүт өндірушілерді қолдау мен олардың тауарларын ТМД және басқа елдер нарығына шығаруға шынайы көмек көрсетуге бағытталғанын мәлімдеді.
Индира БЕГАЙДАР