Астанада «Interfood Astana-2015» тағам өнеркәсібінің 17-ші халықаралық көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Interfood Astana-2015» тағам өнеркәсібінің 17-ші халықаралық көрмесі өтуде

28.05.2015
Астанада «Interfood Astana-2015» тағам өнеркәсібінің 17-ші халықаралық көрмесі өтуде

Олар Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Италия, Қытай, Грекия елдерінен келген кәсіпкерлер. Көрмеде 100-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін тұтынушыларға ұсынды.

Биыл кондитерлік өнімдер, азық-түлік өндірісіне арналған жабдықтар, мейрамханаларға арналған құралдар, қағаз қаптамаларымен қатар сүт және май-тоңмай өнімдері де қойылды.

Елімізде осындай табиғи сүт өнімдерін өндіретін мынау «РЗА – СҮТ» зауыты «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорны» аталымы бойынша «Алтын сапа-2015» сыйлығын жеңіп алған. Бұл компания Қызылорда облысында бес жыл бойы сүт өнімдерін шығарып, тұтынушының көңілінен шығып жүр.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу