Алматы облысындағы Мұқыры ауылында аулаларды өрнектелген бетонмен қоршау сәнге айналды. Ауыл тұрғыны Амангелді Сапаров осындай жаңаша үй қоршауларын шығара бастаған.
«Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасымен несие алған азамат кәсібін дөңгелетіп отыр.
Өрнектелген бетон қоршаулар бұл елді мекен үшін тың жаңалық болды. Ауылдағы ағайынның қалтасын қақпайтын арзан баға да сұранысты арттырды.
Енді өнімнің жаңа түрлерін жасауды жоспарлап отыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ