![«Көңілді старт -2015» мәдени-спорттық шара өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72643.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1-маусым - Балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен мәдени-спорттық шара өтті.
«Көңілді старт» деп аталатын сайыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Онда аула клубтарының оқушылары бақ сынасады.
Эстафеталық ойындардан тұратын жарыстың басты мақсаты - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, аула балаларына достықты насихаттау.
Дәстүрге айналған жарыс жеңімпаздарына отандық өнімнің тәтті тарту-жоралғылары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Көңілді старт -2015» мәдени-спорттық шара өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/40794/)